Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Республика бойынша жел күшейеді

Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елдің көп бөлігінде фронттардың әсерінен жаңбыр жауады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.

Республика бойынша жел күшейеді. Батыста, солтүстікте, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында 1-2 градус үсік жүреді. 

Еліміздің барлық дерлік өңірінде әлі де төтенше өрт қаупі сақталып тұр.