Шығыс Қазақстан облысында «Есіктен есікке» акциясы басталды

Автор: Azattyq Rýhy
Фото: «AMANAT» партиясы ШҚО филиалы

Шығыс Қазақстан облысында АЭС салуды қолдау жөніндегі халықтық штабтың мүшелері «Есіктен есікке» акциясының барысында жұмыстарын бастады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«АЭС құрылысы — бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл — ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба»,- дейді халықтық штаб мүшесі Александр Светаш.

Еске салар болсақ, мемлекет басшысы 2 қыркүйек күнгі Қазақстан халқына Жолдауында 6 қазанда АЭС салуға қатысты жалпұлттық референдум өтетіндігін айтқан болатын.