Оқиға сағат 13:30 шамасында болған
Астанада жеңіл көлік жүргізушісі жұмысшыны қағып кетіп, артынша қарсы келе жатқан көлікпен соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, соқтығысқан жүргізуші ұсталған.
«Сағат 13:30 шамасында Lada маркалы автокөлік жүргізушісі Өндіріс көшесімен Ақбидай көшесіне қарай келе жатып, жол бойында жол жұмыс жүргізіп жатқан жұмысшыны қағып кетті. Осыдан кейін жүргізуші қарсы бағытта келе жатқан «KIA Sportage» маркалы көлікпен соқтығысты. ЖКО салдарынан жұмысшы алған жарақатынан қайтыс болды», - делінген хабарламада.
«KIA Sportage» автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушылары ауруханаға жеткізіліп, тексеруден кейін үйіне жіберілді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.