Полиция түсініктеме берді
Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бурабай ауданының полиция бөлімі хабарлағандай, оқиға 14 қыркүйекте Щучинск қаласында болған.
«12 жасар қыз бала 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені алдын ала анықталған», - делінген хабарламада.
Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы белгіленеді.
Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта қыз бала ауруханада жатыр.