«Дәптерін үйде ұмытып кеткен»: мұғалім оқушыны соққыға жыққаны туралы видео жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Видео abdulla_kzkz Instagram парақшасында жарияланды

Фото: Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының анасы мұғалімнің баласын ұрғанына шағымданғаны туралы видео жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео abdulla_kzkz Instagram парақшасында жарияланды.

«Баламды мұғалім үшінші рет ұрды. Үйде дәптерін ұмытып кеткені үшін баламды арнайы ұрып тастапты. Бұл бірінші рет емес, әр нәрсенің өз шегі болады ғой, сонша батырып ұрғаны несі.

Арыз жазып, мектептен шығарттырайын десем, мұғалімнің енесі кешірім сұрап келіп тұр, жас келін, бір ашуыңды берші, енді ұрса өзім айналысамын деп.

Кешірсем бе әлде кешірмесем бе?» - дейді оқушының анасы.