Ол 12 жекпе-жегінде жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет америкалық Джошуа Конлимен жұдырықтасып, жекпе-жекті екінші раундта техникалық нокаутпен аяқтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Спорт Шредингера» сілтеме жасап хабарлайды.
Алты раундқа есептелген жекпе-жек екінші раундта аяқталды.
26 жастағы Бек үшін бұл - кәсіпқой бокстағы 12-ші жеңіс және қарсыласын 11 рет мерзімінен бұрын жеңді. Ал Джошуа осымен жетінші жеңіліп отыр.
Отандасымыз АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Канело-Берланг бокс кешінің андеркартын ашты, бірақ оның жекпе-жегі YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетілген жоқ.