V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты көрерменсіз өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Биыл Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам жиналған

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астанада өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу рәсімі көрерменсіз өтетін болды, деп хабарлайды   Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Жабылу салтанатын қазақстандық телеарналардан тікелей эфирде көруге болады.

«Жабылу рәсімі тек қатысушыларға арналған және көрермендерсіз өтеді», – деп мәлімдеді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында спортшылар 21 ойын түрі бойынша бақ сынап жатыр. Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық адам жиналған.