Тараптар бір-бірін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, коронавирус эпидемиясына қарсы күресте қабылданып жатқан шараларды, сондай-ақ індеттің мемлекеттердің экономикалық дамуына әсерін талқылады.
«Осы ретте тараптар тезірек жаһандық коронавирус пандемиясын еңсеруге және экономикалық дағдарыстан шығуға бағытталған үйлестірілген халықаралық шаралар әзірлеудің маңыздылығын атап өтті», - делінген Elbasy.kz сайтында.
Әңгіме соңында Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы саяси, экономикалық және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығына тоқталды