Олардың көбі Нұр-Сұлтан мен Батыс Қазақстан облысында
Елімізде COVID-19 вирусын тағы 29 адам жұқтырып, олардың жалпы саны 4975-ке жетті деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
«Тағы 29 жағдай тіркелді. Олардың 14-і Нұр-Сұлтан, 13-і Батыс Қазақстан облысының тұрғындары болса, Алматы қаласы мен Қарағанды облысында бір-бір жағдайдан тіркелді», - делінген аталған хабарламада.
Айта кетейік, коронавирус жұқтырған 4975 адамның 1766-сы емделіп шықты. Аталған вирустан 31 адам қайтыс болған.