Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі Атқарушы комитетінің құрамына енді

Автор: Azattyq Rýhy

Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпакованың кандидатурасын  бірауыздан қолдады

Фото: Olympic.kz

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті спортшылар Комиссиясының төрайымы Ольга Рыпакова Азия Олимпиада кеңесі Атқарушы комитетінің құрамына енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада чемпионының кандидатурасы бұл күндері Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Олимпиадалық қозғалыс құрлықтық органының Бас Ассамблеясы кезінде АОК Атқарушы комитетінің қарауына  ұсынылған болатын.

«Ассамблеяға қатысушылар Ольга Рыпакованың кандидатурасын  бірауыздан қолдады. Айта кетелік, Рыпакова АОК Атқарушы комитетінде Орталық Азия аймағындағы әйел өкіл ретінде жұмыс істейді», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ отырыс барысында АОК президенті сайланып, Раджа Рандхир Сингх (Үндістан) ұйым басшысы ретінде қайта сайланды.