Полиция істі ветеринарлық инспекцияға тапсырды
Мессенджерлерде Самара-Шымкент тас жолында Шыңғырлау ауданында құжатсыз 47 жылқы тасымалданып бара жатқаны туралы хабар тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.
БҚО полиция департаменті бұл ақпаратты растады, және осы дерек бойынша материал жиналып, жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау үшін ветеринарлық инспекцияға жіберілгенін мәлімдеді.