«Көзінен жас тамып тұр»: Атырауда саябақтардың бірінде шаршаған піл жайылып жүр (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Шөп жеп, өзімен өзі жүрген піл жұртты таң қалдырды

Фото: Видеодан скрин

Атырауға циркпен бірге келген піл қаладағы алаңдардың бірінде жайылып жүр. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Atyrau online Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Шөп жеп, өзімен өзі жүрген піл жұртты таң қалдырды. Кейбірі оған аяп қарады.

«Бейшара піл, көзінен жас тамып тұр», - дейді видеода.

Видео әлеуметтік желіде таралып кетті. Telegram каналдың жазуынша, көбісі жанашырлықпен қарады. Видеоға мән берсек, жануар шаршаған және түрі аянышты көрінеді. Сол сияқты піл өзіне топырақ лақтыра бастайды. Бұл жануардың ыстықтан қорғану әрекеті ретінде түсіндірілді, әрі жергілікті тұрғындар арасында алаңдаушылық туғызды. Себебі, жақын маңайда шөлін қандыратын тұщы су жоқ.

Оның қойылымдардың бірінен кейін жай демалып жүргені белгілі болды, ал оның серуені цирк жануарларының әдеттегі өмірінің бір бөлігі саналады.