Қостанайда кәсіпкер 150 түп ағашты заңсыз кесіп тастаған

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті билік жалпы шығынды 700 000 теңгеге бағалаған

Фото: ng.kz

Қостанайда кәсіпкер ырғай ағашының 150 бұтасын рұқсатсыз, өз бетінше кесіп тастаған. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Наша газета» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай Назарбаев даңғылында болған. Жергілікті билік жалпы шығынды 700 000 теңгеге бағалады.

«Аталған факті бойынша қалалық полиция басқармасы тиісті тергеу жүргізетін болады. Заңсыз кесу кезінде өтемі ретінде жасыл желектерді 20 есе мөлшерде отырғызу қажет екенін ескеріңіз. Әкімдік қостанайлықтарды ағаштар мен бұталардың сақталуын бақылауға шақырады», - деп хабарлады Қостанай әкімдігінің баспасөз қызметі.