Қазақстандық балуан жастар арасындағы әлем чемпионы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді

Фото: Olympic.kz

Қазақстандық балуан Ризабек Айтмұхан еркін күрестен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

97 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ризабек финалда әзербайжандық Хетаг Карсановпен белдесті.

Ересектер арасындағы әлем чемпионы саналатын Ризабек қарсыласын мерзімінен бұрын 10:0 есебімен жеңді.

Айта кетейік, турнир барысында Ризабек барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.