Бала екінші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді
Мәскеуде адам барбекю жасау үшін от жақпақ болып, абайсызда 11 жасар ұлын отқа күйдіріп алды. Оқыс оқиғадан баланың денесінің 50%-ға жуығы қатты күйіп қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі SHOT Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.
Белгілі болғандай, мәскеуліктер саяжайда демалып жүрген. Әкесі ет қақтап пісіру үшін от жағып, бөтелкедегі жанғыш сұйықтықты шашқан. Дәл сол арада сұйықтық қасында тұрған баласына шашырап, от баланың үстіне өтіп кеткен. Баланың үсті бірден лаулай жөнелген.
Әкесі өз бетінше отты дереу сөндірмек болған.
Бала екінші дәрежелі күйікпен ауруханаға жеткізілді. Оның сабағына қашан орала алатыны әлі белгісіз.