Құттықтау Қазақстандағы АҚШ елшілігінің Facebook парақшасында жарияланды
АҚШ елшісі Уильям Мозер мен Бас консул Ерик Майер қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады, деп хабарлайды Азаттық рухы тілшісі.
«Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлерді құттықтау – біз үшін үлкен құрмет. Сіздердің Жеңіске қосқан үлестеріңізді ұмытпаймыз», - деді құттықтауында Уильям Мозер.
Ал бас консул Ерик Майер қазақстандықтарға мықты денсаулық пен елде бейбітшіліктің сақталуын тіледі.