Елордадағы Кенесары көшесі екі күнге жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Елорда тұрғындары жол бағытын алдын ала жоспарлауы керек

Фото: ашық дереккөзден

Елордадағы Кенесары көшесінің кей учаскелері уақытша жабылады. Осыған байланысты елорда тұрғындары маршрутын алдын ала айқындап алуы керек, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

«Кенесары көшесі екі күнге жартылай жабылды. Атап айтқанда, Республика даңғылынан Жеңіс даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. 8-10 мамыр аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы толығымен жабылады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деп көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмас үшін бағытын алдын ала жоспарлауы керек.