«200 млн теңге жымқырған»: Қызылорда облысында бір топ мектеп бухгалтеріне қатысты сот үкімі шықты

Автор: Azattyq Rýhy

Үкім заңды күшіне енген жоқ

Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот отырысында белгілі болғандай, білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударған.

«Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты мерзімге сотталды. Келген шығын ішінара өтелді», - делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, Жаңақорған  ауданындағы мектептердің есепшілері мектепте жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударып, жымқырған. Мұны прокуратура анықтады.