$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында АЭС құрылысы бойынша Халықтық штаб құрылды

Сондай мәліметті Павлодар облысы мәслихатының хатшысы Илья Теренченко

Павлодар облысында АЭС құрылысы бойынша Халықтық штаб құрылды
Фото: facebook.com/Илья Теренченко

6 қазанда өтетін АЭС салу жөніндегі референдумның тәуелсіз Қазақстанның болашағы үшін стратегиялық маңызы зор. Осы орайда партиялар мен қоғамдық ұйымдар Халықтық штабқа бірікті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжіліс спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді. Осы мәлімет туралы Павлодар облысы мәслихатының хатшысы Илья Теренченко өз пікірін айтты.

Штабтың мақсаты – халықты атом электр станциясын салу жөніндегі прогрессивті идеясының айналасында топтастыру.

«Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін жақсы түсінеді. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Біз үлкен таңдау алдында тұрмыз. Сондықтан Халықтық штабтың міндеті – ел арасында кең ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізу. 6 қазанда өтетін референдум біздің бірлігімізді көрсетеді», – деді Ерлан Қошанов.

Илья Теренченконың айтуынша, бүгінгі күні еліміз электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту болып табылады.

Серіктес жаңалықтары