Қазақтар сүйіп ішетін шай қай елден келеді

Автор: Молдатай Сымбат

Қазақстан 6 айда 13,4 мың тонна шай сатып алған

Фото: istockphoto.com

Биыл бірінші жарты жыл ішінде Қазақстан 40,4 млн АҚШ доллары сомасына 13,4 мың тонна шай импорттады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда импорт көлемі 28,1% қысқарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Негізгі жеткізушілер:

  • Кения – 4,8 мың тонна
  • Үндістан – 4,7 мың тонна
  • Қытай – 1,1 мың тонна
  • Ресей – 1,1 мың тонна

«Оған қоса шай өнімі Вьетнам, Иран, Шри-Ланка және Грузиядан да келеді. Өз кезегінде Қазақстан шайды Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Түрікменстанға, Тәжікстанға, Моңғолияға және Түркияға экспорттады», - деп хабарлады Ұлттық статистикалық бюро.

Айта кетейік, бір адам орташа есеппен жылына 1,4 кг шай ішеді.