Республикалық референдум 6 қазанда өтеді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтетінін айтты. Республикалық референдумда 1 ғана сұрақ қойылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Республикалық референдумда «Сіз Қазақстанда Атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген ел бойынша маңызды сауал шығады», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров
Республикалық референдум тағайындалған сәттен бастап тиісті сайлау комиссиялары референдум комиссияларының функцияларын орындайды. Референдумды дайындауды және өткізуді ұйымдастырады.