Бишімбаев ісі: Жоғарғы Сот Байжановтың шағымын қарайтын күнді белгіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Қуандық Бишімбаев пен оның адвокаттары әзірге Жоғарғы сотқа кассациялық өтініш берген жоқ

Фото: Жоғарғы сот

Аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін сотталған Бақытжан Байжановтың кассациялық шағымын Жоғарғы сот қарайды. Сот талқылауы 4 қыркүйекке белгіленді. Бұл туралы «Сот кабинеті» базасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ерекше қатыгездікпен кісі өлтіргені және жұбайын азаптағаны үшін сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев әзірге Жоғарғы сотқа өтініш білдірген жоқ.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаев 24 жылға, ал Бақытжан Байжанов төрт жылға бас бостандығынан айырған үкім 2024 жылдың маусым айында күшіне енді.

Тамыз айының басында Бақытжан Байжанов Жоғарғы сотқа өтініш білдірді. Тиісінше, сотта үкімді тек Байжановқа қатысты өзгертуге немесе жоюға болады.