«Келін алғаным дұрыс болған екен!»: Роза Әлқожа басынан өткен қиындығы туралы айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Әнші балаларын ақылы мектепке бергеніне өкініп қалғанын айтты

Фото: Instagram/roza_alqozha

Қазақстандық әнші Роза Әлқожа Instagram парақшасында былтыр балаларын ақылы мектепке беріп, үлкен қателік жасағандарын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әнші алғашқыда білім ордасының жарнамасына қызығып, екі баласын ауыстырып жіберген. Алайда кейін өкініп қалғанын айтты. 

«Қалайсыздар?! Мектепке дайындалып жатырсыздар ма?! Биыл мектеп формасын алуға, студенттерді шығарып салуға дым қолым тимеді. Келін алғаным да дұрыс болған екен!

Былтыр бір мектепке IT мамандығы бар деп әрі бізге тегін болғаны үшін балаларды ауыстырып едік. «Арзанның сорпасы татымайды» болып қалдық. Бір бала адаптациядан өте алмай, өзін таппай қалды! Біреуінің сабағы нашарлап, бір жылда үш сынып жетекшісі ауысты ғой. «Қой» деп қызды қайта баяғы мектебіне ауыстырдым. Жарнамасын жасатып алған соң, бағасы миллион бірдеңе деп шығады екен ғой иә бұл ақылы мектептер?! Бопты, бастысы баламыздың санасы, сауаты дұрыс болсын», - деп жазды әнші.