ШҚО-дағы шахтада тағы бір жұмысшы көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оқыс оқиға 1 қыркүйекке қараған түні болған

Фото: istockphoto.com

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында тағы бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, мердігер ұйымының қызметкері Артемьев шахтасында ауыр жарақат алған. Оқиға 1 қыркүйекке қараған түні болған.

«Оқиғалардың мән-жайы мен себептері анықталуда, тергеу жөніндегі арнайы комиссиялар құрылды. Kaz Minerals тобының директорлар кеңесінің төрағасы Олег Новачук тергеуге жеке қатысу үшін аймаққа барды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, осыған дейін ШҚО-да төрт кенші қаза болғаны хабарланған.