Осылайша, Путинцева АҚШ ашық чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (№32) US Open үшінші турының матчында ойнап, қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Путинцеваның қарсыласы әлемнің бесінші ракеткасы итальяндық Жасмин Паолини болды. Бірінші сетте Путинцеваның қарсыласы - 6:3, ал екінші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетіп, жарыстың төртінші айналымына шықты.
Осылайша, Путинцева АҚШ ашық чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады.
Бұған дейін Қазақстанның екінші ракеткасы US Open-де Чехиядан Линда Носкованы - 7:6, 6:4 және қытайлық Синю Ванды - 6:1, 7:6 есебімен жеңді.
Ал Паолини келесі айналымда чех теннисшісі Каролина Меховамен ойнайды.