Кеңес заманында қаза тапқан әскери тұтқындардың қалдықтарын зерттеу: Жапония делегациясы ШҚО-ға келді

Автор: Azattyq Rýhy

Жергілікті билік бұл процесте жапониялық әріптестеріне барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін айтты

Фото: Altainews.kz

Жапонияның денсаулық сақтау, еңбек және әл-ауқат министрлігінің делегациясы Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданына жұмыс сапарымен келді. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Altainews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сапардың негізгі мақсаты – Кеңес заманында Қазақстан аумағында қаза тапқан жапон әскери тұтқындарының қалдықтарын алдын ала зерттеу және қазу. 

Сапар барысында министрлік өкілдері аудан әкімі Ренат Құрмамбаевпен кездесті. Жергілікті билік бұл процесте жапониялық әріптестеріне барлық қажетті көмекті көрсетуге дайын екенін айтты.