Азамат Сатыбалды қызметінен өткен айдың соңында кеткен болатын
Танымал актер Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» президенті қызметінен кеткеннен кейін Instagram парақшасында ерекше жазба қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Азамат Сатыбалды бұл қызметінен өткен айдың соңында кеткен болатын.
«Жаңадын туған қасқыр,балаларына азық іздеуге шыққанда, аңшы бөлтіріктерінің тірсегін кесіп кетеді. Тірсегі кесілген бөлтірік дімкес болады, жатып ішер. Аузын ашып тамақ сұрай береді, одан басқаға шамасы жоқ. Анасы тамақ тасумен әуре.
Содан қозғалмай жатып ішіп-жеп тойып алған қасқыр семіретіні анық. Күндердің күні туғанда. Аңшы асықпай келіп, терісін бұзбай, олжасын алып кетеді екен. Солааааааай…», - деп жазды Азамат Сатыбалды.