Бүгін республика бойынша ауа райы қандай болады

Автор: Azattyq Rýhy

Елордада күн бұлтты болуы ықтимал

Фото: istockphoto.com

Бүгін еліміздің солтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, жел күшеюі мүмкін, ал оңтүстікте және батыста күн ашық, жылы ауа райы сақталады. Орталық өңірлерде де күн ашық болады, бірақ кешке қарай жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Маңғыстау облысы

Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Ақтау қ.: 30 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысы

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қарағанды қ.: 30 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Ақмола облысы

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Көкшетау қ.: 30 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Ұлытау облысы

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Жезқазған қ.: 30 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысы

Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады. Атырау қ: 30 тамызда төтенше өрт қауіпі сақталады.

Астана

Астана қ.: 30 тамызда кей уақыттарда найзағай күтіледі.

Қостанай облысы

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Петропавл қ.: 30 тамызда найзағай күтіледі.

Павлодар облысы

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 30 тамызда күндіз найзағай күтіледі.

Абай облысы

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысы

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы

Батыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда облысы

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі, облыстың солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады. Қызылорда қ.: 30 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Жетісу облысы

30-31 тамызда Жетісу облысытың солтүстік бөлігінде жоғары өрт қауіпі сақталады. Талдықорған қ.: 30-31 тамызда жоғары өрт қауіпі сақталады.

Алматы облысы

Түнде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жөғары өрт қауіпі сақталады. Қонаев қ.: 30 тамызда жел солтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, түнде екпіні 18 м/с.

Түркістан облысы

30-31 тамызда Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Шымкент қ.: 30-31 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады. Түркістан қ.: 30-31 тамызда төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.