«Рахман қайнары» мемлекет меншігіне берілді

Автор: Azattyq Rýhy

Шипажай 1964 жылы ашылған

Фото: ШҚО әкімдігі

Электрондық сауда алаңында «Рахман қайнары» шипажайын мемлекеттік органдардың балансына беру бойынша сауда-саттық өтті, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.  

«22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ», - деп атап өтті ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.

Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор -  ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.

Тегтер: