Сығанақ көшесінің кей бөліктері жабылады
Сығанақ көшесіндегі Майами ТК, Шығыс ТК, Мечта БО және Құлагер ТК аялдамаларына өтетін жол жабылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
CTS хабарлауынша, № 17, № 29, № 29А, № 42, № 44, № 49, № 56, № 61, № 63 № 202 осы аялдама пункттерінде жолаушыларды уақытша қабылдамайды және түсірмейді.
Аталған маршруттар қашан қалпына келтірілетіні белгісіз.