Қазақстандық әскери қызметші гіртасын көтеруден әлем чемпионатында алтын алды

Автор: Azattyq Rýhy

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті

Фото: Қорғаныс министрлігі

Қырғызстанда гіртасын көтеру спорты бойынша өткен әлем біріншілігінде 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы қатысып, бақ сынады.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті.

Ал екінші орынды Ресей елінің өкілі иеленсе, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді.

Бұл спортшының осы деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кеткен жөн.