Ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттан лақтырып жіберді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға орнында жедел жәрдем, ТЖМ және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр

Фото: SHOT Telegram каналы

Мәскеуде ер адам әйелі мен баласын 16-қабаттың терезесінен лақтырып жіберді. Олар алған жарақатынан тіл тартпай кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

SHOT Telegram каналының мәліметінше, ер адам пәтерінің терезесінен заттарды да лақтырған.

Оқыс оқиға Красноказарменная көшесіндегі «Лефортово парк» ТК-де болған.

Оқиға орнында жедел жәрдем, ТЖМ және полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.