Елімізде осы аптада бірқатар лауазымды қызметкер жемқорлық бойынша сотталды

Автор: Azattyq Rýhy

Осы аптадағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда осы аптада бірқатар лауазымды қызметкер жемқорлық бойынша сотталды. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен істі болғандар немесе сотталғандар:  

  • Антикордың ісі бойынша СҚО-ның ҚАЖД бастығы сотталды;
  • Агенттік құрылысы ұзаққа созылған әлеуметтік нысандарды бақылауға алды;
  • Қызылорда облысы бойынша ЭТД басшысының бұрынғы орынбасары сотталды;
  • Маңғыстау облысының «Еңбек мобилділігі орталығы» КММ директоры сотталды;
  • «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлыққа күдікті;
  • Антикор «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасын жауап алуға шақырады.

«Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз», - делінген хабарламада.