Олардың тойы карантин кезінде алты адаммен өткені белгілі болды
Белгілі әнші Тамара Асар COVID-19 пандемиясы уақытында тұрмысқа шыққанын мәһрге көлік алғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің Қостанай қаласына келін болып түскені белгілі болды.
«Кеше Қыдырәлі мен Қарақаттың тойынан кейін, Бапасы (жолдасым) «біз де той жасайық» деген ұсыныс айтты. «Тойларға аман-есен жете берейік! Қамбар мен Әлішерді үйлендірейік» дедім», – дейді Тамара Асар.
Ол өз сөзінде пандемия уақытында өткен тойы туралы да айтып өтті.
«Біздің тойымыз карантин кезінде алты адаммен өтіп еді. Құдалыққа бес адам келді. Тұрмысқа шыққаныма қатты ұялдым. Әкемнің шаңырағында некеміз қиылды. Мәһрге машина сұрадым. Ол кезде ұялғанымнан ештеңе көрсете алмадым.
Жолдасым өзі білмесе де, білетіндермен ақылдасып, барлық жоралғыны түгендеп әкелді. Енемнің туған сіңлісі бәрін реттеген. Пандемия кезіндегі тойымызды оқырмандарым да алғаш көріп отыр. Шабытым келсе, той үстіндегі қызықтарды айтып беремін», – деп жазды әнші.
Айта кетейік, жуырда елімізге белгілі әншілер – Қыдырәлі мен Қарақаттың 25 жылдық күміс тойларын дүркіретіп тойлағаны желі қолданушылары арасында қызу талқыланған.