Жуырда Қайрат Нұртастың анасы келіндерінің кемшілігі туралы айтқан болатын
Әнші Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында ортаншы келінімен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Гүлзира Айдарбекова көлік ішінде ортаншы ұлы Аян Нұртастың келіншегі Айгерім Саркеновамен түскен фотосын жариялап, келініне тілегін жеткізді.
«Қалай жақсы көретінімді сөзбен жеткізе алмаймын. Сіздерге де адал келін бұйырсын. Тек көз тимесін!» - деді продюсер.
Айта кетейік, жуырда Қайрат Нұртастың анасы келіндерінің кемшілігі туралы айтқан болатын.