Алматыда екі жүргізуші жол бойында төбелесіп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Алматы полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді

Фото: Видеодан скрин

Алматыда жүргізушілер арасындағы жанжал төбелеске ұласты. Оқиғаны жәбірленуші тарап видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әлеуметтік желіде тараған видеода жас жігіттің өзге жүргізушіні басынан, тізесімен бетінен ұрып-соғып жатқанын көруге болады. Оқиға дәл жолдың бойында болды.

Алматы полиция департаменті болған оқиғаға түсініктеме берді.

«Ұрып-соғу фактісі бойынша Әуезов ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу іс-шараларының нәтижесі бойынша іс жүргізу материалдары сотқа жіберілетін болады», - делінген ПД хабарламасында.