Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпқой боксшы баспасөз жиыны 24 тамыз күні өтетінін мәлімдеді

Фото: Жанқош Тұраровтың instagram парақшасынан

Қыз зорлады деп айыпталған кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мен туралы сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері маған мүлде қызық емес. Менің өмірлік ұстанымым, мақсаттарым мүлдем басқа. Ақиқат орын алатынына сенімдімін. Осыған байланысты менің заңды құқық қорғаушым баспасөз-конференциясын өткізетін болып шешті», – деді боксшы.

Кәсіпқой боксшы баспасөз жиыны 24 тамыз күні өтетінін мәлімдеді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраровқа қыз зорлады деген айып тағылған болатын. Ал арыз беруші Әнару Қалдыбек Azattyq Rýhy тілшісіне болған жағдайды тізбектеп айтып шықты.