Сот отырысында ол кінәсін мойындады
Қостанай қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігінде көзделген жүргізушіге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Алау» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 22 тамызда Қостанай тұрғыны көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адам бола отырып, мас күйінде «Volkswagen VW 35I» маркалы көлігін басқарған.
Сот отырысында ол кінәсін мойындады. Сот қаулысымен жүргізуші әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.