Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматы облысында полицейлер «синтетика» өндіретін есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы облысының полицейлері Қарасай ауданының аумағында кезекті есірткі зертханасын анықтады. Үйдің ауласын тінту барысында белгілі бір иісі бар ақ ұнтақты сұйық ыдыстар мен полимерлі қаптар, сондай-ақ синтетикалық есірткі жасауға қажетті реактивтер мен заттар табылды.
«Есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 27 жастағы ер адам ұсталды. Жауап алу кезінде ол жоғары ақы төленетін жұмысты Telegram-каналы арқылы тапқаны белгілі болды. Жүргізілген сараптама нәтижесінде алынған заттардың салмағы 10 келіден асатын сұйық түрдегі мефедрон, ұнтақ түрінде шамамен 150 гр, сондай-ақ синтетикалық есірткіні өндіруге арналған 30 литр прекурсорлар мен 80 келі «бром» улы зат екенін көрсетті», – деп атап өтті Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.