Алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте соғылады

Автор: Молдатай Сымбат

Биыл 1 қыркүйек жексенбі күні өтеді 

Фото: istockphoto.com

Алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте соғылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«1 қыркүйек демалыс күні балалар демалады, ал 2 қыркүйекте барлығы мектепке барады», - деді ол.

Еске салайық, 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келгеніне қарамастан, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау дәл осы датада өтетінін айтты.