Таиландта маймыл шешегін жұқтырған алғашқы адам тіркелді

Автор: Молдатай Сымбат

Аурудың эндемиялық аймақтары: Африка, Америка және Еуропа

Фото: istockphoto.com

Таиландта маймыл шешегі ауруының алғашқы жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

The Nation газетінің жазуынша, маймыл шешегі Африка елінен Таиландқа келген науқастан табылды.

Еске салайық, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда маймыл шешегінің пайда болу ықтималдығы өте төмен екенін хабарлады.

Air Astana қазан айынан бастап Астанадан Пхукетке тікелей рейстерді орындайды.