Қарағанды облысында коронавирус жұқтырған 1 адам тіркелді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінге дейін облыста 169 адам инфекцияны жұқтырған 

Фото: ашық дереккөзден

6 мамырдағы мәлімет бойынша, Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«Теміртау қаласында 1970 жылғы ер адам коронавирусты жұқтырған. Науқас пневмониямен Теміртау қ. ОА пульмонология орталығына жатқызылған. ПТР талдау нәтижелері бойынша оған COVID-19 диагнозы қойылды», - делінген хабарламада.

2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша облыста инфекцияны жұқтырған 169 адам анықталды, оның ішінде 3 науқас көз жұмып, 79 адам жазылып шыққан.