Бауыржан Ғайса бұл қызметті 2021 жылдан бастап атқарды
2024 жылдың 20 тамызы күні Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласы әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әкімнің міндеттерін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады.
Бауыржан Ғайса Челябинск мемлекеттік агроинженерлік университетін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, Польшаның Кутна қаласындағы мемлекеттік жоғары экономика мектебін бітірген. Еңбек жолын жұмысшы ретінде бастады.
2021 жылдан бастап Көкшетау қаласының әкімі болды.