Өртті сөндіруге ТЖМ тікұшағы тартылды
Атырау облысындағы 7 гектар аумақты қамтыған қамыс өрті толығымен сөндірілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тжм мәліметінше, өртті сөндіруге ведомствоның тікұшағы жұмылдырылған.
«ТЖМ құтқарушылары Атырау облысында қамыс өртін сөндірді. ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ МИ-8 тікұшағының көмегімен 39 рет су төгілді», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Айта кетейік, өрт сөндірушілер Исатай ауданының Жанбай ауылынан 20 км қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында жетуі қиын батпақты жерлерде тұтанған өртті кеше, 19 тамызда оқшаулаған. Өртті толықтай сөндіру бүгін ғана мүмкін болды.