Ертіс өзенінде Ресей-Қазақстан-Қытай мультимодальды транзиттік дәлізі құрылады

Автор: Молдатай Сымбат

Бұл туралы Көлік министрлігі мәлімдеді

Фото: ОКҚ

Ресей-Қазақстан-Қытай мультимодальды транзиттік дәлізі құрылады. Бұл ретте Ертіс трансшекаралық өзені пайдаланылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігі Темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары Қасым Тілепов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында бұл туралы айтты.

«Сондай-ақ, осы және келесі жылдары біз Орал-Каспий каналының кеме қатынасы параметрлерін 2,5 м-ге дейін жеткізіп, толық қалпына келтіруді жоспарлап отырмыз», - деді спикер.

Кеме қатынасы су жолдарының жалпы ұзындығы – 2 104 км.