Министр отбасымен бірге фотосессия ұйымдастырған
Қазақстан Қорғаныс министрінің отбасымен түскен фотосуреті желіде пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Отбасылық портрет Астанадағы фотостудиялардың бірінің Instagram-парақшасында жарияланды. Фотосуреттерден генерал-полковник Руслан Жақсылықовты, оның жұбайын, үлкен қызы және екі кішкентай ұлын көруге болады. Барлық отбасы мүшелері арнайы форма киген. Отбасылық фотосессия қазақстандықтардың көңілінен шыққан сыңайлы.
Жарияланымның астында жағымды пікірлер көп жазылған. Желі қолданушылары министр мен оның отбасының үстіндегі формаға да қызығушылық танытқан.