Киіз үйдің уығы, шаңырағы көрініс тапқан: ерекше салынған баспана жұртты таң қалдырды (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Еденге қазақша ою-өрнекпен өрнектелген кілем төселген

Фото: Видеодан скрин

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында киіз үй стилінде салынған ерекше үй жұртты таң қалдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Үйдің ішіне газ, ыстық, суық су кіргізілген. Сыртынан қарағанда қарапайым үй көрінгенмен, ішкі көрінісі ерекше әдемі жасалған. Төр бөлменің ішінде киіз үйдің уығы, шаңырағы көрініс тапқан. Сол сияқты еденге қазақша ою-өрнекпен өрнектелген кілем төселген.

«Мәссаған, бұны бірінші рет көріп тұрмын, өте керемет, ұсталарға мың алғыс, риза болдым», «Мә, қаңдай керемет, қанымыз әбден төрт бұрышқа үйреніп қалған, мынаны көрген адам бір дем алып қалатын шығар», «Мен осы үйде болдым, потологы биік, әрі төрт жақта қабырға болмағандықтан ауасы кең болады екен! Кірісімен жеңілдік сезінесіз, айтып жеткізе алмаймын сөзбен!» - деп жазды желі қолданушылары.