Бұны аймақтың прокуратурасы хабарлады
Абай ауданының прокуратурасы ерікті қоныс аудару бағдарламасына қатысып, 4 млн теңге жымқырған фактіні анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Мемлекет қоныс аударған адамға үй сатып алу үшін болмаса ипотека рәсімдеу үшін алғашқы жарна ретінде 1 160 АЕК-тен аспайтын ақшалай көмек береді.
«Анықталғандай, қоныс аударушы үй иесінен іс жүзінде баспана сатып алмай, жеке пайда алу үшін жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу туралы жалған мәміле жасаған. Қазір Қылмыстық кодекстің190-бабының 3-бөлігі (алаяқтық) бойынша тергеу жалғасып жатыр. Адам мемлекетке тигізген зиянын өтеді», - деп хабарлайды Абай облысының прокуратурасы.