Жанқош Тұраров қыркүйекте екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды

Автор: Azattyq Rýhy

Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз

Фото: zhankoshturarov/Instagram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыркүйекте шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Ол 28 қыркүйекте Алматыда IBO және WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғайды. Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Ол Алматыда өткен бокс кешінде Жапония өкілі Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Сондай-ақ ол WBA Gold белбеуін жеңіп алды.