Windows жүйесінде Android құрылғыларымен файл алмасу мүмкіндігі пайда болады

Автор: Azattyq Rýhy

Microsoft бұл мүмкіндіктің негізгі операциялық жүйеге қашан қосылатынын нақтыламады

Фото: freepik.com

Windows операциялық жүйесінде Android құрылғыларымен файлдарды оңай алмасу мүмкіндігі пайда болады. Бұл функция Apple экожүйесіндегі AirDrop-қа ұқсас және қазірдің өзінде тестілік нұсқада қолжетімді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Жақын арада барлық Windows пайдаланушыларына қолжетімді болады деп күтілуде. Бұл туралы Microsoft компаниясының техникалық қолдау сайтында хабарланды.

Жаңа функция пайдаланушыларға компьютерлер мен Android смартфондары немесе планшеттері арасында әртүрлі файлдарды бөлісуге мүмкіндік береді. Бұған дейін Windows жүйесінде тек ортақ алмасу буфері ғана болған. Microsoft бұл мүмкіндіктің негізгі операциялық жүйеге қашан қосылатынын нақтыламады.

Жаңартуды Windows 10 және 11 нұсқаларына орнатуға болады, бірақ Windows 10 үшін жаңарту 2019 жылдың мамырынан бұрын шыққан болмауы тиіс. Android жүйесі үшін, құрылғыда кемінде 9.0 нұсқасы болуы қажет. Сондай-ақ смартфонға Link to Windows және Phone Link қосымшаларын жүктеу керек.